Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Елордада "Astana Bike" велопрокат маусымы басталады

AstanaTV
13.04.2024ж. 08:38
184
Елордада "Astana Bike" велопрокат маусымы басталады

15 сәуірде елордада "Astana Bike" велопрокатының жаңа маусымы басталады, деп хабарлайды  Астана әкімдігі.

15 сәуір күні таңғы сағат 09:00-де елордада "Astana Bike" велопрокат маусымы ашылады.

Билет сатып алу және велосипедтерді жалға алу басталғаннан кейін бірден қолжетімді болады. Абонементті тіркеуге және сатып алуға, сондай-ақ велопрокат бойынша барлық қажетті ақпаратты сайттан білуге болады www.velobike.kz.