Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

"Жеңісімді тасқыннан зардап шеккен халқыма арнаймын": Азамат Дәулетбаев 3 дүркін Азия чемпионы атанды

AstanaTV
13.04.2024ж. 20:00
345
"Жеңісімді тасқыннан зардап шеккен халқыма арнаймын": Азамат Дәулетбаев 3 дүркін Азия чемпионы атанды

Кеше қазақстандық балуан Азамат Дәулетбеков 3 дүркін Азия чемпионы атанды. Ол қатарынан үш жыл топ жарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Балуан видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялады.

"Құрметті, қазақ елі! Жеңісімді Құлсары, Ақтөбе, Орал, Қостанай өңірінде су тасқынынан зардап шеккен халқыма арнаймын. Еңсеміз түспесін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын", - деді видеода Азамат Дәулетбеков.

Айта кетейік, Азамат Дәулетбеков – 86 кг салмаққа дейін 2022, 2023, 2024 жылдары 3 мәрте құрлық бәсекесінде алтын алған қазақ балуаны.