Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Дубай су астында қалды: рейстер тоқтатылып, тұрғындардан үйде болу сұралды

AstanaTV
17.04.2024ж. 08:44
325
Дубай су астында қалды: рейстер тоқтатылып, тұрғындардан үйде болу сұралды

Қатты жаңбыр мен дауылдың салдарынан Дубай су астында қалды.

Khaleej Times газетінің мәліметінше, ауа райына байланысты метро жұмысы бұзылған. Абу-Даби мен Дубайда көптеген ғимарат пен ауданда электр және сумен жабдықтау істен шықты.

Ауа райының құбылмалы жағдайында Дубай мемлекеттік қызметкерлер мен жеке мектеп оқушылары үшін қашықтан жұмыс істеу мерзімін ұзартты.

Сонымен қатар, билік жеке компанияларды қызметкерлерге үйден жұмыс істеуге және жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беруге шақырды.

Кейбір аудандарда Дубай тұрғындарының биіктігі тізеге жететін суды кешіп, өтіп бара жатқанын көруге болады. Олардың көпшілігі шалбарын орап, су басқан жолды кесіп өтіп жатыр. Басылым мәліметі бойынша, адамдар байсалды, өйткені тура осындай жағдай қалада өткен айда да болған.

Қалада әуе рейстері тоқтатылады және кешіктіріледі.

Рас-Эль-Хайма әмірлігінің көлік басқармасы тұрғындарға қалалық және қалааралық автобус қызметі уақытша тоқтатылатынын хабарлады.