Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Қазақстан мен Қырғызстан арасында бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады

18.04.2024ж. 20:00
162
Қазақстан мен Қырғызстан арасында бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қазақстанға ресми сапармен келді. Көрші ел басшысын Елорда әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Мәртебелі қонақтың алдында Құрмет қарауылы сап түзеді. Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.