Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Кешірім сұрамаймын": Дариға Бадықова мен Олжас Абай жаңа фильмге саундтрек шығарды

AstanaTV
19.04.2024ж. 09:49
386
"Кешірім сұрамаймын": Дариға Бадықова мен Олжас Абай жаңа фильмге саундтрек шығарды

Дариға Бадықованың екінші фильмі шыққалы жатыр. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актриса Дариға Бадықова Ochooou атымен танымал актер Олжас Абаймен жазған саундтрегінің тұсауын кесті. 

Бадықова мен Абайдың шығармашылық тандемі тек экрандағы жұп ретінде емес, дуэт ретінде де жатталған. Осыған дейін екі актер "Сезім үшін" және "Жүрек" әндерін орындаған еді. Ал енді "Кешірім сұрамаймын" әнін жарыққа шығарып отыр.

Бұл Дариға Бадықованың тек актриса ретінде емес, продюсер ретінде қызмет еткен екінші фильміне саундтрек болмақ.

"Жүректің түкіпірінен орын алған, орындалған ән! Сіздердің де жүректеріңізге жетеді деп үміттенеміз", - деді өнер иесінің өзі.

Актриса синглдің толық нұсқасы ресми Youtube арнаға шығатынын да айтты.

"Дуэттеріңіз бізді қуанта берсін, ән әндеріңіз хит", "Ән жүрекке әсер етті. Дариға, Олжас, құттықтаймын!", "Керемет ән" деп жазды жанкүйерлер.