Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Бүгін – халықаралық кітап және авторлық құқық күні

23.04.2024ж. 20:00
189
Бүгін – халықаралық кітап және авторлық құқық күні

Бүгін – халықаралық кітап және авторлық құқық күні. Осы орайда елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада жазушы, ғалым, профессор Дархан Қыдырәлінің кітаптары көпшілікке таныстырылды. Жаңадан жарық көрген «Мұстафа», «Абыздар аманаты», «Тамыр», «Нүкте философиясы» атты еңбектер халқымыздың тарихына көз жүгіртеді. Туындылар ұлт үшін басын бәйгеге тіккен көрнекті тұлғалардың өміріне қатысты тың мәліметтер ұсынады. Онда нақты тарихи деректер мен архив материалдары қамтылған. Бұдан бөлек қырғыз тілінде басылған «Ташқа жазылған тарых» атты кітап оқырманға жол тартты. Шарада бас қосқан зиялы қауым өкілдері мен депутаттар бұл еңбектердің ұлттық бірегейлікті сақтау жолында зор тарихи маңызға ие екенін айтты.

Әділ АХМЕТОВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:

Дархан бауырымыздың «Тамыр» деген кітабының аты да затына сай. "Тамыр" деп отырғаны ертедегі ғұн заманындағы, сақ, скиф заманындағы ұлы мемлекеттердің тарихына көз жіберіп отыр. Өзіміздің тарихымызға соншалықты терең үніліп, үніліп қана қоймай, оны қағазға түсіріп, қағазға түсіріп қана қоймай, оны кітапқа түсіріп, таратуы – ол үлкен, қуанатын жәйт.