Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Парижде Олимпиада ойындары алдында мигранттар көшіріле бастады

AstanaTV
24.04.2024ж. 12:51
332
Парижде Олимпиада ойындары алдында мигранттар көшіріле бастады

Полиция мигранттарды Париждегі уақытша лагерьден көшіре бастады. Алайда баспанасыз топтарға көмек көрсету топтары бұл жазғы Олимпиада ойындарына дайындыққа байланысты жасалып жатқанын айтты, деп хабарлайды KAZINFORM Еuronews-ке сілтеме жасап.

Француз полициясы лагерьден Батыс Африкадан келген 30-ға жуық жасөспірім мен жастарды қуып жіберді. Құқық қорғаушылар мен үйсіздерге көмек көрсету ұйымдары мұны «әлеуметтік тазарту» деп атаған. Көшірілгендердің көбі кәмелетке толмағандар, олар тұруға ықтиярхат алмақ болған.

«Біз бұл Олимпиада ойындарын ұйымдастырумен байланысты деп ойлаймыз. Мұндай эвакуация Парижде бірнеше ай бойы апта сайын қарқынды түрде жүріп жатыр, бұл көшеде тұратын барлық адамдарға әсер етеді», - деді «Le revers de la medaille» тобының мүшесі Орели Юо.

Полиция бұл операцияның қауіпсіздік мақсатында, әсіресе уақытша лагерь кейбір мектептерге жақын болғандықтан жүргізілгенін айтты.

«Бұл – Олимпиада алдында Парижде болып жатқан әлеуметтік тазартудың тағы бір мысалы. Полиция Париждегі барлық лагерьлерді эвакуациялап жатыр. Өйткені Олимпиадаға және туристерге жол ашқысы келеді. Олар Париждің мигранттармен және баспана іздеушілерге толы болғанын көргісі келмейді», - деді «Утопия 56» ҮЕҰ мүшесі Элиас Хуфнагель.

Бұл жаңалық полиция Париждің оңтүстігіндегі Францияның ең үлкен сквоттерлер лагерінде ауқымды көшіру жүргізгеннен бірнеше күн өткен соң тарады. Көмек көрсету топтары мигранттар Парижден алыс жерге көшіріліп жатқанын атап өтті.