Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

«Екі жылда бес рет беті ашылған». Қалыңмалды кәсіпке айналдырған қыз елді шошытты

AstanaTV
25.04.2024ж. 09:23
278
«Екі жылда бес рет беті ашылған». Қалыңмалды кәсіпке айналдырған қыз елді шошытты

Екі жылда бес рет табалдырық аттаған Әсел есімді арудың оқиғасы жұртты шошытты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның енелері “Көреміз” бағдарламасына келіп, көмек сұрауға мәжбүр. Себебі экс-келіндері қалыңмал алған соң, тайып тұрған.

Бағдарламаға бойжеткеннен «зардап шеккен» бірнеше адам келіп, мән-жайды айтып берді. Райхан Жұманова есімді кісі келіннің құтты болмағанын айтады.

Енесі - менің әпкем. Жиенім оның алаяқ екенін білмепті. Екі айдай сөйлесіп, үйленетін болып шешті. Үлкен тойды да белгіледік. Бірақ, сол екі ортада бір кісілер хабарласып, қыздың алаяқ екенін мәлімдеді. Ол кезде қалыңмалын беріп қойған едік, - дейді.

Осыдан кейін полицияға хабарласып, бөлімшеде барлық мән-жайды біледі. Сөйтсе Әсел бұған дейін төрт босаға аттаған. Келін болып түскен әр үйде бар болғаны бір жарым айдай тұрған.

Әселдің өзі мен анасы студияға қонақ болып келуі керек екен. Алайда денсаулығы сыр беріп, келе алмаған.