Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

«Қазақстан халқы Ассамблеясы елдік пен бірліктің ұйытқысы екендігін дәлелдеді», - сарапшы

25.04.2024ж. 20:00
295
«Қазақстан халқы Ассамблеясы елдік пен бірліктің ұйытқысы екендігін дәлелдеді», - сарапшы

«Қазақстан халқы Ассамблеясы елдік пен бірліктің ұйытқысы екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді». Сарапшылар Ассамблеяның 33-ші сессиясының отырысынан кейін осылай деп пікір білдірді. «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» деген атаумен өткен биылғы басқосу мемлекетіміз үшін күрделі кезеңмен тұспа-тұс келді. Президент бұл сессияны дәл осы кезде өткізудің мәні зор екенін атап өтті. Ассамблея мүшелері қиын-қыстау заманда еліміздегі түрлі этнос өкілдері бірлік пен ынтымақтың айқын көрінісін паш еткенін жеткізді.

Икрам ХАШИМЖАНОВ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨЗБЕК ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРІ «ДУСТЛИК» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Кешегі сын сағаттарда бірлікті көрдік. Бірліктің аясында бүкіл қазақстандықтар жұдырықтай жұмылып, сол су тасқынынан зардап шеккен бауырларымызға өздерінің көмегін берді. Осының аясында мен айтып кетейін, Қазақстан өзбектері "Дустлик" қауымдастығы да 112 млн теңгеден артық қаржылай көмек көрсетті. Осы бірліктің арқасында біз тұрақтылығымызды көрсете білдік.

Бүгінгі жиында Ассамблея жұмысын еліміздің жаңа гуманитарлық идеологиялық доктринасымен үйлестіру қажеттігі сөз болды. Ассамблея жастардың идеологиялық тәрбиесін айрықша назарда ұстайды. Сарапшылар «Қазақстанның халқы біртұтас» деген қағидаттар өскелең ұрпақтың бойынан көрініс табуға тиіс» деген пікірде.

Арман ЕШМҰРАТОВ, ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Өте көп қызық мәселелер болды. Ең бастысы, қашан да Ассамблеяның жұмысы - Қазақстандағы әртүрлі этностардың арасында дұрыс қарым-қатынас қалыптастыру. Міндетті түрде ғылыми мәселе, ғылым жағынан жақындау керек. Ол жағынан үлкен жұмыстар істелініп келе жатыр.