Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Павлодарда үйдің ауласында жасөспірімді тоқ соқты

AstanaTV
26.04.2024ж. 07:20
385
Павлодарда үйдің ауласында жасөспірімді тоқ соқты

Павлодар іргесіндегі ауылда 16 жастағы жасөспірім трансформаторлық қосалқы стансаның шатырына шығып, тоқ соғып, көз жұмды. Полиция өлімнің мән-жайды анықтап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға Мойылды ауылындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында болған. Жедел жәрдем бригадасы жасөспірімді жерде қайтыс болған күйінде тапты. 

"Оқиға ТП-4-те болды. 2007 жылы туған жасөспірім трансформаторлық қосалқы стансаның шатырына шығып, тоқ соққан. Әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған баланың трансформатор будкасына ұшып кеткен допқа қолын созғаны жазылған. Бірақ бұл олай емес, қазір құқық қорғау органдары мән-жайды анықтап жатыр", - деді Мойылды ауылының әкімі Жеңіс Әбікен.

 Оның айтуынша, трансформаторлық қосалқы станса кірпіштен салынған, ол тұрғын ауданға жақын орналасқан және бірнеше көпқабатты және жеке үйлерді электр қуатымен қамтамасыз етеді. "Павлодарэнерго" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, қосалқы станцияның кернеуі - 10/04 киловольт.

"Жасөспірімнің өлімі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мойылды ауылының әкімі айтуынша, марқұм Павлодардағы колледждердің бірінде оқыған. Мойылдыға әжесінің үйіне барған екен.