Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Жайық өзені бойында 240 шақырым бөгет нығайтылды

AstanaTV
26.04.2024ж. 15:48
377
Жайық өзені бойында 240 шақырым бөгет нығайтылды

Жайық өзенінің көтерілу деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізіліп отыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Асқар Шәріп мәлім етті.

«Ақтөбе және Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінен келген жеке құрам Жайық өзенінің бойында орналасқан елді мекендерде су тасқынының алдын алу және жәрдемдесу мақсатында БҚО және Атырау облысына жіберілді. Атырау облысында Жайық өзеніне мониторинг жүргізу жалғасуда, судың деңгейі көтерілгені байқалады. Су тасқынының алдын алу мақсатында Атырау қаласында бөгеттерді нығайту жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр», - деді ведомствоның ресми өкілі Асқар Шәріп Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Ресми өкілдің мәлімдеуінше, Жайық өзені бойында ұзындығы 240 шақырым қорғаныс бөгеттері нығайтылды.

«Бұған дейін көмекке келген күштер мен құралдар учаскелерге бөлініп, тиісті жұмыстарды атқаруда», - дейді ведомство өкілі.