Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Астана қаласының 10-11 сынып оқушылары арасында "Үздік эссе" сайысы өтті

26.04.2024ж. 20:00
217
Астана қаласының 10-11 сынып оқушылары арасында "Үздік эссе" сайысы өтті

Астанада 10-11 сынып оқушылары арасында үздік эссе сайысы өтті. Байқаудың мақсаты- экологиялық таза ортаны сақтау проблемасына назар аудару. Оған мыңнан астам оқушы қатысты. Комиссия мүшелері үш жеңімпазды таңдады. Олар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Тұрсынбек Кәкішұлы атындағы № 94 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Ниязалы Аяулым бірінші орынды иеленді. Экология және табиғи ресурстар министрлігі байқауды жыл сайын республикалық деңгейде өткізуді жоспарлап отыр.

Сәкен ҚАЛҚАМАНОВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:

Эсселердің сапалары өте жоғары. 16-17 жасар балалар негізі терең ойларды білдірді. Нақты ұсыныстар беріп отыр. Биыл тағы бір конкурс өткізгелі жатыр. Ол Хабар агенттігінен телевизиялық жоба, ол жаңағы стартап конкурстары. 15 жастан бастап 35 жасқа дейін қатыса алады. Және нақты қаржылай көмек болады, ол жобаларды іске асыруға.

Шархан ҚАЗЫҒҰЛОВ ЖАЗУШЫ, ПУБЛИЦИСТ:

Әр оқушының жаңағы сөз саптауымен стиліне, сосын жаңағы экология мәселесі бойынша белсенділігіне көп назар аудардық. 10 оқушының еңбектері маған қатты ұнады. Сол онның ішінде үш адамды іріктеу оңай болған жоқ әрине.