Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Түркістан облысында төрт балабақшада қызметкерлер балаларды сабаған

AstanaTV
27.04.2024ж. 09:00
495
Түркістан облысында төрт балабақшада қызметкерлер балаларды сабаған

Түркістан облысындағы балабақшаларға тексеріс жүргізіліп жатыр. Келес ауданының прокурорлары мектепке дейінгі мекемелердегі бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, қылмыстық іс қозғауға негіз болған заң бұзушылықтарды бірден анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бейнежазбадан төрт балабақшада қызметкерлер балаларды сабағаны белгілі болды. Мысалы, мектепке дейінгі мекемелердің бірінде қызметкер балаларды швабрамен ұрған. Енді ол 3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сонымен қатар, прокуратура қызметкерлері балалардың қалай тамақтанатынын тексереді. Мамандардың айтуынша, қадағалау нақты жағдайды бағалауға мүмкіндік береді.

"Біз мектепке дейінгі мекемелерде балалардың құқықтарын сақтау үшін барлық шараны қолданып жатырмыз. Қазіргі таңда 97 балабақшаның тек алтауында тексеру жүргізіліп, 20 күнде үш маман тобы құрылды", - деді Келес ауданының прокуроры Нұрлан Ешенқұлов.