Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Петропавлда Қазақстан халқының бірлігі күні ерекше форматта аталып өтпек

AstanaTV
30.04.2024ж. 12:40
229
Петропавлда Қазақстан халқының бірлігі күні ерекше форматта аталып өтпек

Петропавлда биыл Қазақстан халқының бірлігі күнін тойлауда қалыптасқан форматтан ауытқып, ән-биден бас тартпақ.

Петропавл қаласы әкімдігінің мәліметінше, енгізілген төтенше жағдай режиміне және су тасқынына байланысты облыс орталығында жалпы қалалық сенбілік өтеді. Бұл - Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасы.

«Таза Қазақстан» акциясы 1 мамырда тұрғындардың басын біріктіріп, бұл күн еңбек және тазалық атмосферасында өтпек.

Жергілікті билік өкілдері қалалықтарды өз аулаларын тазалауға шақырды.

Сондай-ақ, су басқан аудандарда да тазарту өткізіледі.

Петропавлда тасқын судың беті қайтты, Есіл өзені суының деңгейі түсіп жатыр. Мәселен Сергеев су қоймасында өткен тәулікте су деңгейі 89 см-ге, Петропавлда 19 см-ге түсті. Су кеткен жерлерде қоқыстан аяқ алып жүргісіз.