Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

"Гуманитарлық көмек ретінде келіп жатқан ас-ауқатқа экспертиза жасалды", - министр

AstanaTV
30.04.2024ж. 20:39
1138
"Гуманитарлық көмек ретінде келіп жатқан ас-ауқатқа экспертиза жасалды", - министр

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова су тасқынына ұшыраған өңірлерге жеткізіліп жатқан азық-түлік, тағамдардың сапасына қатысты түсінік берді.

«Эвакуациялау пунктерінде санэпидемиологиялық қызмет тартылды. Олар жеткізілген азық-түліктен сынама алып, тексеріп отырды, оның ішінде дайын тағамдардар бар. Яғни жан-жақтан гуманитарлық көмек ретінде келіп жатқан ас-ауқатқа экспертиза жасалды. Эвакуациялау пункттерде бірер сараң болмаса, айтарлықтай жұқпалы аурулардың таралуы тіркелген жоқ», - деді Ақмарал Әлназарова «Біз біргеміз» телемарафонының эфирінде. 

Сондай-ақ, министр су басқан өңірлердегі эпилахуалды жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бақылауда ұстап отырғанын мәлім етті. Ол үшін еліміздің бас санитар дәрігерінің қаулысы шығарылған. 

«Ауыз судың сынамасы әлі де тексеріліп жатыр. Сонымен қатар басқан өңірлерде 6 мыңға жуық эпидемиологиялық объекті дезинфекцияланды», - дейді ол. 

Одан бөлек, Ақмарал Әлназарова су басқан аймақтарда маска тағу режимі енгізілмейтінін тілге тиек етті.