Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Лондонда белгісіз ер адам қылышпен шабуыл жасады

AstanaTV
01.05.2024ж. 09:41
426
Лондонда белгісіз ер адам қылышпен шабуыл жасады

Лондонда белгісіз бір ер адам көшеде кетіп бара жатқан жүргіншілерге қылышпен шабуыл жасап, 5 адамды жарақаттады,- деп хабарлайды 24.KZ.

Оқиға метро станциясының жанында болды. Қазір қаскөй қамауға алынған. Оның кім екені әзірге жария етілмей отыр. Бұл әрекетке не үшін барғаны да белгісіз.

Полиция өкілдері шабуылдың лаңкестікке қатысы жоқ дейді.