Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Таиландта аптап ыстықтан 30 адам қайтыс болды

AstanaTV
01.05.2024ж. 10:50
523
Таиландта аптап ыстықтан 30 адам қайтыс болды

 Таиландта аптап ыстықтан 30 адам ажал құшты. Қаралы хабарды Корольдіктің денсаулық сақтау министрлігі жеткізген.

Сынап бағанасы сәуірдің басынан бері 40 градустан түспей тұр. Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді.

Осы аптаның аяғына дейін орталық және солтүстік аймақтарда қатты ыстық болады деп хабарланды.

Билік тұрғындар мен туристерге далада көп жүрмеуге кеңес берді. Аптаптан көбіне үйі жоқ адамдар мен көшеде тұрып жұмыс істейтін кісілер зардап шегіп отыр,-деп хабарлайды 24.KZ.