Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Петропавлда бесінші қабаттан құлаған әйел аман қалды

AstanaTV
02.05.2024ж. 23:14
452
Петропавлда бесінші қабаттан құлаған әйел аман қалды

Петропавлда 56 жастағы әйел бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін болған.

Петропавл қалалық полиция басқармасының «102» нөміріне Новая көшесіндегі бес қабатты үйлердің бірінен әйелдің құлап кеткені туралы хабар түскен. 

Жедел жәрдем бригадасы қала тұрғынын медициналық мекемелердің біріне жеткізді. 

Әйел түрлі дене жарақатын алды.

Әйел полицейлерге бесінші қабаттағы терезеден өзім құлап кеттім деп айтқан.

Қазіргі уақытта осы дерек тексеріліп жатыр.