Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

5 мамырға арналған ауа райы болжамы

AstanaTV
05.05.2024ж. 09:31
215
5 мамырға арналған ауа райы болжамы

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде күн күркіреп, жаңбыр жауады. 

Күндіз Қарағанды облысының шығысында қатты жаңбыр жауады, облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 05 мамырда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, 15-20 м/с. Облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Күндіз Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Талдықорған қ.: 05 мамырда күннің соңында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

5-6 мамыр аралығында Түркістан облысының таулы және тау етегіндегі аудандарда қатты жаңбыр болжамына байланысты беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

05 мамырда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, екпіні 24-29 м/с. Алматы қ.: 05 мамырда күннің соңында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз кей уақытта найзағай, дауыл. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде 15-20, екпіні 25 м/с. Қонаев қ.: 05 мамырда күндіз кей уақытта найзағай, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде 15-20, екпіні 24-29 м/с.

Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде 3 градус үсік сақталады. Орал қ.: 05 мамыр түнде топырақ бетінде 3 градус үсік сақталады.

Қызылорда облысында түнде жаңбыр, облыстың шығысында, орталығында қатты жаңбыр, күндіз кей уақытта облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. 05 мамырда облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 05 мамырда жаңбыр, таңертең және күндіз кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақытта найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 05 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде түнде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші найзағай кезінде 18 м/с күтіледі. Павлодар қ: 05 мамырда күндіз найзағай күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Түнде 1-6 градус үсік күтіледі. Қостанай қ.: түнде 05 мамырда 1-3 градус үсік күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 05 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Түнде облыстың батысында 3 градус үсік күтіледі. Петропавл қ.: 05 мамырда батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Семей қ.: 05 мамырда күннің екінші жартысында найзағай күтіледі.

Түнде Ақтөбе облысында 1-6 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 05 мамырда түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында, 06 мамырда түнде облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 05 мамырда түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл, 06 мамырда түнде облыстың таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың таулы аудандарында найзағай күтіледі. 05-06 мамырда облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, 05 мамырда таңертең және күндіз, 06 мамырда түнде екпіні 23-28 м/с, облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында 30 м/с және одан аса күтіледі.

Тараз қ.: 05 мамырда найзағай, бұршақ, дауыл, 06 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, 05 мамырда таңертең және күндіз, 06 мамырда түнде екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.