Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ақтөбеде 100 жасаған соғыс ардагері салауатты өмір салтын ұстанады

06.05.2024ж. 20:00
239
Ақтөбеде 100 жасаған соғыс ардагері салауатты өмір салтын ұстанады

Ақтөбе облысында жалғыз соғыс ардагері қалды. Ол -Василий Грецкий. Ардагер Хромтау ауданында тұрады. Қария биыл қаңтарда 100 жасқа толды. Ғасыр жасаған қария әлі тың. Мереке қарсаңында тілшілеріміз ардагердің үйіне барды.

Василий Грецкий Белоруссияда дүниеге келген.Он бір жасында әкесі қуғын-сүргінге ұшырап, отбасын Қазақстанға жер аударады.Әкеден ерте айырылған ол жастайынан еңбекке араласып, көп қара жұмыс істейді. Бауырларымен бірге мақта терген. Әуелі соғысқа үлкен ағасы кетеді, бір жылдан соң өзі аттанады.

Василий ГРЕЦКИЙ, СОҒЫС АРДАГЕРІ:

Бродовқа жеттік. Онда бродовка тобы болды. Сол жерде мен жарақат алдым. Госпиталде 20 күн жатып ем алдым. Сол жақ жауырыннан оқ тиіп, тесіп өткен еді.

Василий Иванович атты әскер қатарында Белоруссия, Украина,Польшаны азат етуге қатысқан. Берлинге дейін жетіп, жеңістің куәсі болды. Ардагер майдандағы ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» және екінші дәрежелі орденмен марапатталған. Енде «соғыс» болмасын деп тілейді қария.

Василий ГРЕЦКИЙ, СОҒЫС АРДАГЕРІ:

Енді қайғы қасірет соғыс деген болмасын.Ашық аспан астында бейбіт заманда мамыражай өмір кешіңдер. Біздің ұрпақ, жастар немере, шөбереміз бұл ұлы жеңістің бізге оңай жолмен келмегенін естен шығармаса екен.

Соғыстан кейін Василий Иванович Ақтөбе облысында темір жол саласында табысты еңбек етті. Құдай қосқан жарымен 60 жыл бақытты өмір сүрді. Қазір үш баладан алты немере, он шөбере сүйіп отыр.

Наталья ЖЕМЧУЖНИКОВА, АРДАГЕРДІҢ ҚЫЗЫ:

Әкем өмір бойы салауатты өмір салтын ұстанды. Жаман әдеттен аулақ болды. Өзінің міңезінің кең пейілділігінің арқасында осы жасына жетіп отыр. Біз оны қатты жақсы көреміз. Немере, шөберелері атасын мақтан тұтады. Біз үшін әкем нағыз қахарман батыр адам.

Жүз жасаған қария әлі күнге дейін өзі ас әзірлеп, күнделікті жаттығу жасайды. Көп жасауының сыры да осы өмір сүру салтында болса керек.