Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Мұз астына кеткен екі адамды құтқарған полицей марапатталды

AstanaTV
09.05.2024ж. 06:19
270
Мұз астына кеткен екі адамды құтқарған полицей марапатталды

Оқиға 2023 жылдың 25 желтоқсанында Шарон өзенінің маңында болған

Атырау облысы полиция департаменті Құрманғазы ауданы полиция бөлімі тәрбие және кадр жұмысы тобының инспекторы Роман Насихан ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Оқиға 2023 жылдың 25 желтоқсанында Шарон өзенінің маңында болған.

«Кешкі уақытта 102 арнасына әйел адамның суға құлап кеткені жөнінде хабарлама түсті. Сол сәтте қызметтік кезекшілікке түскен болатынмын. Дереу өзімнің жеке автокөлігіммен оқиға орнына бет алдым», – деді полицей.

Мұз ойылып кеткендіктен әйелге көмекке келген ер адам да суға құлаған. Тәртіп сақшысы арқан лақтырып, азаматтардың ары қарай ағып, суға батып кетпеуіне ықпал жасаған.

«Кейін патрульдік полицияның екі экипажы келді. Бәріміз күш салып, екі адамды судан алып шықтық. Одан соң әйел мен ер адамды өз көлігіммен орталық ауруханаға жеткіздім», – деді Роман Насихан.