Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Шымбұлақ шыңына шығып, науқастанып қалған туриске құтқарушылар көмекке келді

AstanaTV
10.05.2024ж. 10:05
251
Шымбұлақ шыңына шығып, науқастанып қалған туриске құтқарушылар көмекке келді

Төрт адамнан тұратын бір топ турист Шымбұлақ шыңына (3450 шақырым) көтерілген. Биікке шыққан соң қыздың халі нашарлап, өз бетінше төмен түсе алмаған.

Көмек көрсету үшін оқиға орнына Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, оның ішінде кинологтар жіберілді.

Түнде құтқарушылар туристерге жетіп, екі қызға алғашқы көмек көрсетіп, оларды тасымалдауға кірісті.

Оларды РЖҚЖ көлігі тұрған жерге жеткізіп, апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырды.