Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Жас аналарға арналған шеберлік сабағы өтті

10.05.2024ж. 20:00
511
Жас аналарға арналған шеберлік сабағы өтті

Биыл елімізде алғаш рет 12 мамырда Аналар күні аталып өтіледі. Соған орай Астанада жас келіншектерге арналған аспаздық шеберлік сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты- отбасының ұйытқысы болып отырған жандарға дәмді тағам әзірлеуді үйрету. Сондай-ақ аналардың қоғамдағы рөлін арттыру.

Аспаздық шеберлік сағатына 10 қыз-келіншек қатысты. Олар бұл шараға әлеуметтік желі арқылы өтінім берген. Жас аналар бүгінгі ұйымдастырған іс-шараға дән риза.

Мадина ӨСКЕНБАЙҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Аналардың өмірдегі мәртебесін, аналардың рөлін нығайту мақсатында осындай жас аналарға арналған мастер класс өтуде. Мастер класстан алған әсерім осы аспаздық өнерден алған қыр-сырын меңгеруге келіп қалдық. Қазіргі кезде мастер класстан қазан кебабтың фрутовый нарезка олардың қонақтың алдына қалай керектігі туралы үйреніп жатырмыз.

Айта кетейік, аспаздық шеберлік сабағына қатысушылар әлеуметтік желідегі белсенділігіне қарай іріктелініп алынған. Сала мамандары мұндай шара алғаш рет өткізіліп отырғанын айтады.

Лимана ҚОЙШИЕВА, ҚАЛА ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ МҮШЕСІ:

12-ші мамыр аналар күні деп белгіледі. Өйткені біздің еліміздің жеріміздің иесі ол ана. Ана ол қоғамды тәрбиелейді. Осыған басымдық қойды. Астана қаласы жастар мәселесі басқармасымен бірлесе отырып аналар күніне арналған отбасы мекені атты іс-шара өткізгелі жатырмыз.

Аспаздық шеберлік сағатынан соң жас аналарға сертификаттар табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шара дәстүрлі түрде жалғасын таппақ.