Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«AMANAT» партиясының мүшелері ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады

10.05.2024ж. 20:30
608
«AMANAT» партиясының мүшелері ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады

«AMANAT» партиясының мүшелері соғыс және тыл ардагердерін Жеңіс күнімен құттықтады. Партияның Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек және партия Хатшылары Шолпан Каринова, Ержан Жылқыбаев, Эльдар Жұмағазиев пен орталық аппараттың басшысы Мәди Оспанов батырлардың шаңырағына арнайы барды. Бейбітшілік үшін майдан шебінде соғысқан Жақан Сейсебаев, Раиса Сафоничева, Рзағұл Байкешев, Владимир Дровосеков мен еңбек ардагері Назипа Әбжалелқызына ерекше құрмет көрсетілді. Айта кетейік, «AMANAT» партиясы «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында аға буын өкілдеріне әркез қолдау көрсетіп келеді.