Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккен үйлердің 95% тексерілді

AstanaTV
10.05.2024ж. 23:33
236
Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккен үйлердің 95% тексерілді

Қостанай облысында су тасқынынан зақымданған үйлердің 95%-ы тексерілді. Олардың 796-сы жөндеуді қажет етсе, 473-ін қалпына келтіру мүмкін емес. Өңір әкімі Құмар Ақсақалов Үкімет басшысына қазіргі жұмыс барысын баяндау барысында айтты. 

Құмар Ақсақаловтың айтуынша, бұған дейін әлеуметтік қолдау аясында 4 097 отбасы жалпы сомасы 1,5 млрд теңге көлемінде бір жолғы көмек алған. Ал тұруға жарамсыз үй иелеріне баспана сатып алу немесе көп пәтерлі және жеке тұрғын үй салу көзделген. Сондай-ақ облыс әкімі 2020 бас мал шығынын өтеуге 855 млн теңгеден астам төлем жасалғанын айтты. Ал Премьер-Министр Олжас Бектенов қалған үйлерді тексеру жұмыстарын қысқа мерзім ішінде аяқтауды тапсырды.