$441.79 €478.77 ₽4.9
×

«Аяғымды ұстамаңызшы»: Қайрат Нұртастың концерттегі тағы бір видеосы хит болды

AstanaTV
11.05.2024ж. 12:39
3407
«Аяғымды ұстамаңызшы»: Қайрат Нұртастың концерттегі тағы бір видеосы хит болды

«Осылай қуып кетсең... Қалайсыңдар, ағайындар?» дейді әнші.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде отандық әнші Қайрат Нұртастың кезекті концертінен видео тарады. Бұл жолы желі қолданушылары әншінің концертіне келген көрерменге ашуланған.

Видео кадрларынан Қайрат Нұртастың концертте әндетіп, артынша көрерменмен тілдесіп жатқанын аңғаруға болады. Ол аяғынан ұстаған тыңдарманға өтініш жасайды.

«Жаным, аяғымды ұстамаңызшы, ұяламын мен. Кәдімгі қарапайым адаммын ғой», - деп эстрада жұлдызы әндете кетеді.

«Осылай қуып кетсең... Қалайсыңдар, ағайындар?», - деп жалғастырады Қайрат Нұртас.

Мұны көрген оқырман концерт көруге барған халықты сынап тастады.