Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Атырауда Фариза ақынға ескерткіш орнатылды

AstanaTV
04.03.2016ж. 20:00
4876
Атырауда Фариза ақынға  ескерткіш орнатылды

Атырауда Фариза ақынға арнап ескерткіш қойылды. Енді Фариза Оңғарсынова туған жерінің қақ төрінде Жайықтың толқындарына көз тігіп тұрмақ. Бүгін таңертеңнен бастап қаланың орталық көшесі сезімтал ақынның сөзіне жазылған әндермен тербеліп тұрды. Ескерткіштің ашылу салтанатына ақын қызын сағынған зиялы қауым өкілдері мен студенттер, қарапайым азаматтар көп жиналды. Олар бейнесі сағынышқа айналған  поэзия падишасына  осылай құрмет білдірді. Мүсіннің авторы - көпшілікке «Қазақ елі», «Тәуелсіздік» монументтері туындыларымен таныс Мұрат Мансұров. Биіктігі төрт жарым метр тұғырға қойылған мүсінде  Фариза ақынның жыр оқып тұрғаны бейнеленген. Таза қоладан құйылған 8 қырлы мүсін Атыраудағы айшықты ескерткіштердің біріне айналары анық,-дейді ақын жырына сусап өскен жерлестері.

Гүлзада Ниетқалиева, ақын:

 Халқының салт-дәстүрін, ұлыларын, халық жадындағы мәңгіліктерді, болашаққа енгізуге ақынның жүрегінің лүпілі бүгін ескерткіштен көріп тұрған сияқтымыз.  Жыр оқып тұрған Фаризаның мүсіні. Менің айтатыным - бұл қазақ поэзиясының жеңісі, қазақ поэзиясының жемісі және оның мәңгіліктігінің көрінісі дер едім.