Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Кезектен тыс сайлауға арналған постерлер байқауы жүріп жатыр

AstanaTV
04.03.2016ж. 20:00
1837
Кезектен тыс сайлауға арналған постерлер байқауы жүріп жатыр

«Сенің дауысың-сенің болашағың». Сайлау қарсаңында дәл осындай ұранмен еліміздегі постерлерге байқау жарияланды. Оған шығармашылық қабілеті бар кез-келген қазақстандық өз жұмысын ұсына алады. Ұйымдастырушылар ол үшін арнайы сайт жасаған. Үміткер өзінің жарнамалық туындысын жолдап, онлайн тәртібінде дауыстар жинайды. Ең көп дауыс алған қатысушылар жеңімпаз деп танылып арнайы сыйлықтармен марапатталмақ. Жүлдегерлерді анықтауға  эстарада жұлдыздары мен суретшілерден құрылған әділқазылар алқасы  ат салысады. Тапсырыстар 14 наурызға дейін қабылданады. Қазірдің өзінде сайтқа 200-ден астам жұмыс келіп түскен. Негізінен Алматы, Астана және Атырау облысының азаматтары белсенділік танытуда.

Толқын Забирова, әділқазылар алқасының мүшесі:

Бұл жастарды жақсылыққа, ізгілікке шақыратын шара. Дауыс беру әрбір азаматтың борышы. Жастар үшін өте маңызды. Сондықтан осы үлкен шараның мәні де, құны да жоғары деп ойлаймын.