Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Әлеуметтік-медициналық сақтандыру әлеуметтің әлеуетін арттыруға сеп болмақ

AstanaTV
20.02.2017ж. 20:00
2094
Әлеуметтік-медициналық сақтандыру әлеуметтің әлеуетін арттыруға сеп болмақ

Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру әлеуметтің әлеуетін арттыруда маңызды қадам болмақ. Бұл туралы «Жамбыл металл құрылғылар зауыты» жұмысшыларымен өткен жиында облыстық мәслихат депутаты Абай Нұржанов айтты.

Депутат жолдаудың 4-ші тармағын түсіндірді. Ол бойынша әрбір Қазақстан азаматы өз денсаулығын сақтандыру үшін мол мүкіндіктерге ие бола алады. Мәселен, 1-ші шілдеден бастап азаматтар тұрғылықты жеріне байланысты 2 пайыздық сақтандыру төлемін жасайды. Бірақ, тұрақты жұмысы бар азаматтардың төлемін мекеме басшылығы, яғни жұмыс беруші жүзеге асырады. Жұмыспен қамтылмағандар өз кезегінде жергілікті жердегі ресми орындарға жұмыссыз ретінде тіркелуі тиіс. Сонда ғана оларға тегін көрсетілуі тиіс медициналық міндеттемелерді мемлекет мойнына алады. Алдағы жылдары төленуге тиіс жарналар пайызы біртіндеп өспек. Ал тұрғындар төлемдері биылдан бастап әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына түседі. Қазіргі уақытта бұл тәжірибе 16 европалық мемлекетте және Түркия мен Жапонияда да енгізілген.

Абай Нұржанов, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты:

Әр  жұмыс істеп жүрген адам, олар 2019 жылдан бастап 1 пайыздан, 2023 жылдан бастап 2 пайызға көтеріледі. Бұл өзі алып отырған жалақысынан 1 пайыз аударып отырады. Жұмыс берушілер өз жұмысшылары үшін 2 пайызын аударып отырады 1-ші шілдеден бастап. Халық не ұтады? Біріншіден, халыққа медициналық қолжетімділік қызметі болады. Өйткені осы күнге бізге мемлекететтен шығып отырған қаржы жетпейді. Сондықтан осындай жүйені құрып отырмыз.