Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Мемлекеттік өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөнінде халықтан 3 мыңға жуық ұсыныс түскен

AstanaTV
24.02.2017ж. 20:00
1984
Мемлекеттік өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөнінде халықтан 3 мыңға жуық ұсыныс түскен

Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобына халықтан 3 мыңға жуық ұсыныс түскен. Бұл туралы бүгін Ақордада өткен отырыста мәлім болды. Жалпы бүкілхалықтық талқылау екі күннен кейін аяқталады. Заң жобасы аясында халықтың ұсыныстарының басым бөлігі парламенттің рөлін арттыру, үкіметтің жауапкершілігі, жергілікті атқару органдарының жұмысы және құқық қорғау саласына қатысты болды. Осы талқылаулардан кейін заңнама қайта қаралып, президентке жіберіледі. 

Елдос САПАРҒАЛИ