Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО шеңберінде тойлана бастады

AstanaTV
11.03.2016ж. 20:00
14593
Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО шеңберінде тойлана бастады

Алаш арысы Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО шеңберінде тойлана бастады. Түркия астанасы Анкара қаласында алғашқы ғылыми конференция өтті. Оған түріктің зиялы қауым өкілдері мен бір топ ғалымдары қатысты. Сонымен қатар, елімізден белгілі тарихшылар барып, Әлиханның еңбектерін кеңінен таныстырды. Жиырмасыншы ғасырда қазақтың азаттығы жолында тер төгіп, елдің егемендік алуына ерен еңбек сіңірген қайраткердің ғылыми жұмыстары түрік тіліне аударылды. Сондай-ақ, алқалы жиында қазақ, орыс және ағылшын тілінде жазылған Әлихан Бөкейхан туралы жаңа кітап таныстырылды.

Тұрсын Жұртбай, Алаштанушы:

  Бұл үлкен бір ұлттық рухтың асқақтаған шыңы сияқты. Қазір Анкараның көшесінде Әлихан Бөкейхановтың бет бейнесінің тұруы өзгеріп, құбылып өзіне бет бұрғызып тұруы. Соның ішінде газилер, яғни ардагерлер алаңында тұруы бұл Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл түркі жұрты үшін үлкен мәртебе.