Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Зарина Дияс Индиан-Уэллс турнирінде Виктория Азаренкомен кездеседі

AstanaTV
11.03.2016ж. 20:00
1437
Зарина Дияс Индиан-Уэллс турнирінде Виктория Азаренкомен кездеседі

Зарина Дияс Индиан-Уэллс турнирінің екінші айналымында Виктория Азаренкомен кездеседі. Қазақстандық теннисші Америка спортшысын тізе бүктірген еді. Джейми Лебпен өткен жекпе жек  6:1; 6:4 есебімен аяқталды. Тағы бір отандасымыз Ярослава Шведова чех спортшысы Кристина Плишкованы, Юлия ПутИнцева қытайлық Пэн Шуайды жеңді. Ал қазақстандық ауыр атлет Фаина Сиванбаева кез келген дәрежедегі спорттық бәсекелерге қатысудан мүлде шеттетілді.  Штангист қыз допингке қарсы ережелерді бірнеше рет бұзғаны үшін осылай жазаланып отыр. Ішкі тексеріс шаралары кезінде оның тиым салынған препараттарды қабылдағаны әшкере болды. Тәртіптік комиссия өткен жылғы Азия чемпионатының жүлдегеріне қатысты осындай қатаң шешім қабылдады.

 Базаргүл ОТЫНШИЕВА