Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Елбасы валюталық және ипотекалық қарыз алушылардың проблемасын шешуді тапсырды

AstanaTV
11.04.2017ж. 20:00
2612
Елбасы валюталық және ипотекалық қарыз алушылардың проблемасын шешуді тапсырды

Валюталық және ипотекалық қарыз алушылардың проблемасы шешілсін. Ақордада өткен Ұлттық банк қызметінің қорытындылары жөніндегі кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет пен Ұлттық банкке осындай тапсырма берді.

Теңгенің айырбас бағамы өзгеруіне қатысты жағдайларда іс-қимылдың нақты алгоритмін пысықтауды міндеттеді.  Мемлекет басшысы ипотекалық несие бойынша қайта қаржыландыру бағдарламасының іске асырылуына ерекше тоқталды. Азаматтардың қаржылық жауапкершілігін арттырудың маңыздылығын атап өтті. Қаржы секторындағы тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған қатерлерге назар аударды, ұлттық экономиканы дамыту қарқыны әлі де жеткіліксіз екенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Еліміздің банк секторын сауықтыру жөнінде шаралар қабылдауды тездету керек. Қажет болған жағдайда, акционерлер өз банктерін нақты ақша арқылы қайта капиталдандыруға тиіс. Сондай-ақ, олар әлсіз банктерді біріктіруге бейімделуі тиіс. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауда Үкімет пен Ұлттық банктің алдына әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу жөнінде міндет қойылды. Ол үшін Оңтүстік Корея сияқты әлемнің бірқатар елдерінің табысты тәжірибесіне сүйену қажет. Бірақ инфляцияны кезең-кезеңімен төмендету 3-4% деңгейінде болуға тиіс.

Айгүл ӘДЕПБАЙ