Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«ЕХРО-2017» көрмесі қарсаңында арнайы тіркеуде тұрғандар қатаң бақылауға алынады

AstanaTV
11.04.2017ж. 20:00
3314
«ЕХРО-2017» көрмесі қарсаңында арнайы тіркеуде тұрғандар қатаң бақылауға алынады

«ЕХРО» көрмесі қарсаңында профилактикалық тіркеуде тұрғандар мен қару-жарақ қожайындары жаппай тексерілетін болды. Алайда қарапайым халықтың тіркеуіне мұның еш қатысы жоқ. Астана қаласы ішкі істер департаменті  баспасөз қызметі жетекшісінің мәліметінше, осы санаттағылар ескертпестен тіркеуін ауыстырса, айыппұл салынуы мүмкін көрінеді. Сақтақ шаралары туралы Дәуренбек Бағдәулет айтып берсін.

Астанада профилактикалық тіркеуде тұрған 3 мыңға жуық адам бар. Әр түрлі деңгейде құқық бұзып, ІІД тіркеуіне ілккен олар «ЕХРО» көрмесі қарсаңында да қатаң бақылауда болмақ. Яғни мекен-жайы, атқарып жатқан шаруалары полицейлердің назарынан тыс қалмауы керек.

София Қылышбекова, Астана қ ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

ЕХРО көрмесіне дайындық және өткізу барысы қарсаңында осынай іс-шаралар өткізіліп тұрады.  Шаралардың аясында тіркеуде тұрған азаматтар тексерілетін болады. Олардың саны 3 мыңнан асады. Қару-жарақ иелері де тексеріледі, Астана қаласы бойынша олардың саны 14 мыңға жуық.

Қару-жарақ қожайындары 1 ай мерзімнен артық басқа жаққа кетсе, қаруын ІІД-не тапсыру керек. Олай етпеген жағдайда 10 АЕК көлемінде айыппұл салу көзделген. Қауіпсіздікті күшейту мақсатында тағы басқада критерийлер бойынша тексеріс күшейеді.

Сабыр Жүсіпбеков, Астана қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы:

Көңіл көтеру орындары, сондай-ақ дәстүрлі емес діни жолды ұстанғандар мен олардың жиналатын жерлері тексеріске алынады. Жедел алдын алу іс-шарасының бірінші кезеңі республика бойынша өтсе, екінші кезең Астана қаласымен шекаралас облыстарда жалғасын табады.

Осы орайда, ХҚКО тарындағы уақытша тіркеу мәселесінің қалай жүріп жатқанын тағы көргіміз келді. Түсіндірме жұмыстарын күшейткеннің арқасында ұзын сонар кезек сейілген. Астана мен Алматыдағы ХҚКО бұл мәселенің шешімін жаңа бұйрыққа сай жүргізуде.

Ерлан Шүренов, ХҚКД мемлекеттік қызмет көрсету дирекциясы басшысының орынбасары:

Қазіргі таңда ХҚКО уақытша тіркеу бойынша кезектер орын алып жатқан жоқ. Бұл, біріншіден, біздің қызметкерлерге көші-қон полициясының базаларына қол жетімділік берілгеннен осындай жағдай пайда болып жатыр.

Дәуренбек Бақдәулет, тілші:

Жедел алдын алу шарасының алғашқы кезеңі 20 шы сәуірге дейін жалғаспақ. Осы орайда құқық қорғау органдары мамандары, тұрғындарды аталмыш шараға түсіністікпен қарап, барынша  қолдау көрсетсе, дейді.