Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері 7,5 келіден астам героин тәркіледі

AstanaTV
18.04.2017ж. 20:00
3016
Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері 7,5 келіден астам героин тәркіледі

Оңтүстікқазақстандық полицейлер аса ірі көлемде есірткі затын тәркіледі. Қазығұрт ауданының екі тұрғыны мінген автокөлікті тоқтатып, тінту кезінде салоннан 7,5 келіден астам героин табылды. Олар Шымкент-Ташкент тас жолында есірткі сатпақ болған.

Аталған автокөлікте алты дана пластикалық бөтелкелер шықты. Ішінде, көріп тұрсыздар ма, ақ түсті ұнтақ зат бар. Түрі героин есірткі затына ұқсас. Бұның арнайы өзінің иісі бар спецификалық, көріңіздер.

Күдіктілер қамауда. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер есірткі затының бұл өңірге қандай жолмен жеткізілгенін де анықтайтын болады.