Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Мысырлық археологтар тарихи жәдігер тапты

AstanaTV
19.04.2017ж. 20:00
3241
Мысырлық археологтар тарихи жәдігер тапты

Мысырдың Луксор қаласында бір табыттан 8 мумия және мыңдаған артефакт табылды. Рейтерстің хабарлауынша, 3,5 мың жылдық тарихы бар дүниелердің түсі де тозбаған. Ескі жәдігерлер орталығының жеткшісі Мустафа Вазири табыт белгілі сот төрешісі Усерхетке тиесілі деген сенімде. Ғалымдар зират жайлы бұрыннан білген. Алайда, орнын жылдар бойы таба алмаған.

Мысыр туристтік министрлігіндегілер бұл жәдігер туристтер санын арттыруға септеседі деген үмітте. "Араб көктемі" басталғалы, пирамидалар елі саяхатшылар арасында танымалдығын жойған еді.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА