Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Амал мерекесі

AstanaTV
14.03.2016ж. 20:00
3133
Амал мерекесі

Бүгіннен бастап  Батыс өңірінің тұрғындары Наурыз мейрамын тойлай бастады. Таң атысымен "Амал" мерекесін асыға күткен жұрт, іңір қараңғы түскенше бір-бірімен көріседі. Өкпе-реніштер кешіріліп, амандық-саулық тілеседі. Батыс өңірлерінде қаймағы бұзылмай сақталған игі дәстүрдің аумағы кеңейіп келеді. Бүгін елордалықтар да бір-бірімен көрісіп, төс қағыстырды. Бір жылыңызбен!  Отпан таудың басында "Амал" мерекесі тойлануда. Бұл күнге аман-сау жеткен маңғыстаулықтар осылайша көрісіп, әз Наурызды қарсы алады. Дәстүр бойынша осы күні адамдар қариясы бар шаңыраққа кіріп, ақ дастарханнан дәм татып, амандық сұрасуы шарт. Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін,  қарым-қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған деседі.

Қуанышбек Әбдірахманұлы:

7 мың адамдай келеді деп күтілген. Қазір де байқап отырмыз адам көп. Адам ықыласы күшті ниеттері түзу. Барлығы осындай жыл дегенге жақсы дайындалып қыстан жақсы шыққан деп ойлаймын.

Ертеректе қазақтар жыл басын 1 наурызда бастаған. Алайда кейін  Батыс Еуропа күнтізбесіне өткен соң мейрам 14 наурызға түсіпті. «Амал» немесе Көрісу мерекесі бір күнмен шектелмейді. Ол айдың соңына дейін жалғасады.

Канат Сүйебаев, Маңғыстау облыстық спорт кешенінің директоры:

Соңғы кездері Амал мерекесі жалпұлттық сипат ала бастаған. Биыл астанылқтар да Ұлыстың ұлы күнін 14 наурыздан тойлай бастады. Ұлттық музей қабырғасында думанды шара өтіп, жиналғандар бір-біріне амандық саулық тілесті.

Гүлжанат Ахметқалиева ҚР Ұлттық музейінің қызметкері:

Көрісу осы уақытқа дейін Батыс аймақтарына тойланып келген ғой. Енді міне осы жылдан бастап 14-нен 21-не дейін 9 күн тойлау сынды сұрақты көтеріп жатыр ғой. Көрісу рәсімін біз бірінші рет ұлттық музейде қарсы алып жатырмыз.

Оразкүл Асанғазы, қоғам қайраткері:

Әр жылдары біз жоғалтқан нәрселерімізді жаңартып, өмірге ендіріп жатырмыз. Сондай біздің қайта оралған мерекеміз. "сәлем сөздің" анасы дейді. Сәлемдесетін күн, көрісетін күн, амандасатын күн. Күніміз жақсы болсын, жылымыз жақсы болсын, әр қазақтың отбасы өзінің отбасына қазақтың салтын, дәстүрін, тілін, дінін молынан енгізсін.

 Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА