Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Мұнай өндіруші елдер «қара алтын» өндірісін шектеу туралы хабарламалардан 32 миллиард доллар пайда тапқан

AstanaTV
22.04.2016ж. 20:00
3282
Мұнай өндіруші елдер «қара алтын» өндірісін шектеу туралы хабарламалардан 32 миллиард доллар пайда тапқан

Мұнай өндіруші елдер «қара алтын» өндірісін азайтамыз деген хабарламаларынан ғана 32 миллиард доллар пайда тапқан. Мұндай есепті Bloomberg агенттігі келтіреді. Мұнай өндірісін азайту туралы алып-қашпа әңгімелер осыдан екі ай бұрын басталды. Содан бері шикізат бағасы 30 пайызға өсіп кетті.

Мұнай бағасының көтерілуіне өзге факторлардың да әсер еткені белгілі. Дегенмен, өндіріс көлемін қысқартамыз деген хабарламалардың төңірегінде Ресей 3,7 млдр доллар, ал Сауд Арабиясы 3,3 млрд пайда тапқан деп жазады Bloomberg. Қара алтын көлемінің азаюына қатысты жағдайларды Дохадағы кездесуге қатыспаған елдер де ұтымды пайдаланған. Агенттіктің хабарлауынша, мәселен, АҚШ 3 млрд, ал Канада 1,5 млрд валюта көлемінде пайда тапқан. Ал бүгін Brent маркасы сәл арзандап, баррелі үшін 45 АҚШ валютасын құрады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ