Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қазақстандықтар еуро валютасын белсенді түрде сатып ала бастаған

AstanaTV
30.05.2017ж. 20:00
2568
Қазақстандықтар еуро валютасын белсенді түрде сатып ала бастаған

Соңғы уақытта мегаполис тұрғындарының «еуро» валютасына сұранысы артқан. Ақша айырбастау пункттері қаңтар мен сәуір аралығында 386,2 миллион еуро сатқан. Бұл ақпаратты ranking.kz порталы жариялап отыр.

Ұлттық банктің ақпаратына сай 4 айда «еуро» валютасы  былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 70,4% пайызға артық сатылған. Тек сәуір айында ел бойынша саудаланған еуроның 61,6 пайызы Алматы мен Астана қаласының тұрғындарына тиесілі. Алматыда 44,1 млн еуро, Астанада 21,7 млн еуро сатылған. Ал үштікті Оңтүстік Қазақстан облысы қортындылап тұр, мұнда 7,5 млн еуро сатып алынған.