Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қазақстан спортшысы Артем Захаров олимпиада лицензиясын иеленді

AstanaTV
15.03.2016ж. 20:00
1384
Қазақстан спортшысы Артем Захаров олимпиада лицензиясын иеленді

Қазақстан спортшысы Артем Захаров жазғы олимпиада ойындарының жолдамасына ие болды. Велотректен олимпиада лицензиясы іріктеу жүйесі бойынша беріледі. Соңғы жылдары халықаралық жарыстарда үздіктер қатарынан көрініп жүрген жерлесіміз олимпиада рейтингінде 18-ші орынға табан тіреді. Бұл нәтиже спортшының дүбірлі жарысқа қатысуына мүмкіндік беріп отыр. Қазақстан тарихында алғаш рет велотректен олимпиада лицензиясын ұтып алған Артем Захаров бұған дейін Азия кубогы мен әлем чемпионаттарының жүлдегері атанған болатын.

Еске салайық, төрткүл дүние көз тігетін олимпиада ойындары тамыз айының 5-і мен 21-і аралығында Бразилия астанасы Рио де Жанейро қаласында өтеді.

Самат ҚАНАҒАТОВ