Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ақтауда көкөніс арасына есірткі жасырғандар ұсталды

AstanaTV
11.05.2017ж. 20:00
2365
Ақтауда көкөніс арасына есірткі жасырғандар ұсталды

Марихуана мен гашишті пияз бен қырыққабаттың арасына жасырған. Ақтауда КамАЗ жүк көлігімен ірі көлемде есірткі тасымалдап бара жатқан екі азамат ұсталды. Олар Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты. Ішкі істер департаменті есірткіге қарсы күрес басқармасының дерегіне сай, көлікті тінту кезінде 14 қап марихуана табылған. Жалпы салмағы 386 келі тартады. Олар жүк көлігіндегі көкөніс салынған қаптардың арасына жасырылған екен. Бұдан бөлек үш қалташадан 7 келі гашиш шыққан. Тергеу барысында есірткі заттарының Жамбыл облысында жасалғаны анықталды. Ұсталған екеу оны Ақтауға сату мақсатында жеткізген болуы мүмкін.

Алтынбек Тұрарұлы, Маңғыстау облыстық ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы:

Аталған жәйт бойынша Қылмыстық кодекстің 297 бабы 3 бөлігімен, яғни ірі көлемде есірткі заттарын сақтау, сату мақсатында тасымалдау бабы бойынша іс қозғалды. Оларға 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.