Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға 591 млн теңге қаралды

AstanaTV
26.05.2017ж. 20:00
3177
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға 591 млн теңге қаралды

Елбасы жариялаған "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыруға 591 млн теңге қаралып отыр. Қаржыны мемлекеттік органдар қайта бағыттайды. Бұл туралы Ақордада өткен ұлттық комиссияның отырысында Премьер-министр кеңсесінің басшысы Нұрлан Алдабергенов мәлімдеді.

Мәдениет және спорт министрлігі - 314 млн теңге, білім және ғылым министрлігі - 35 млн, ақпарат және коммуникация министрілігі - 168, дін істері және азамттық қоғам министрлігі - 73 млн теңге қарастырып отыр. Ал Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары басталғанын айтты. Әр облыс комиссия бекіткен жоспарға сай өз аймағында шаруаларды атқарып жатыр.

Ерлан Қошанов, Қарағанды облысының әкімі:

Ерекше осы мақалада айтылып кеткен - Ұлытау өңірі. Бұл бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Біз Ұлытауды дамыту, насихаттау оны зерттеу бойынша нақты ауқымды жұмыс бастадық. Жоспарларымыз бар.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

Қазақстанда киелі жерлер көп. Сол киелі жерлердің негізін анықтауға, ол аңызға жата ма, халыққа көмегі бар ма. Сонымен қатар көптеген зерттелмей қалған жерлер бар, алыс, шалғай жерлерде. Біз міндетті түрде сол жерлерге жіберіп жатырмыз.