Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

ЭКСКЛЮЗИВ: Төмен байытылған уран банкін Өскеменде салу жайы талқыланды

AstanaTV
24.03.2016ж. 20:00
1335
ЭКСКЛЮЗИВ: Төмен байытылған уран банкін Өскеменде салу жайы талқыланды

Төмен байытылған уран банкін Өскеменде салу ұсынысын қоғамдық тыңдауға қатысқан 49 өкілдің 36-сы қолдады. Сегізі қарсы дауыс беріп, бесеуі қалыс қалды. Жиынға ақпарат құралдары шақырылған жоқ. Десе де, МАГАТЭ бақылауындағы банк Үлбі металлургиялық зауыты алаңында салынатыны белгілі.

Бүгінге дейін аталған сұрақ бойынша үкіметтік деңгейде 25 отырыс өтті. МАГАТЭ өкілдері мен сарапшылар, шетелдік журналистер Үлбі зауытында бірнеше рет арнайы сапармен болған. Соңғысы 2015-тің қыркүйегінде  өтті.

Мынау болашақ қойманың сұлбасы. Оның құрылысына АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Норвегия және Еуропалық одақ 150 миллион "көк қағаз" бөліп отыр. Жоба 90 тоннаға жуық төмен байытылған уран сақтауға мүмкіндік береді. Қоғамдық тыңдауға қатысқан жергілікті экологтар пікірінше, уран қоймасының қоршаған ортаға зияны болмайды.

Дмитрий Корешков, «Экологиялық қауіпсіздік орталығы» ЖШС экологы:

Басты назарды қауіпсіздік мәселесіне аудардық. Ешқандай қиындық болмайды. Халық "зияны көп, апат болуы мүмкін" деп байбалам салуда. Олай емес, мамандар  барлығын түсіндірді. Бұл арнайы цилиндрлер сақталатын ангар ғана, экологияға залалы жоқ.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ