Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Жекешелендіруге жататын нысандарға 50% жеңілдік жасалуы мүмкін

AstanaTV
12.04.2016ж. 20:00
1378
Жекешелендіруге жататын нысандарға 50% жеңілдік жасалуы мүмкін

«Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры жекешелендіру бағдарламасына шығатын кейбір энергетикалық нысандардың бағасына 50 пайызға дейін жеңілдік жасауы мүмкін. Бұл туралы «Астана» телеарнасына берген эксклюзивті сұхбатында «Самрұқ – Энерго» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Мақсұтов мәлімдеді. Оның айтуынша, «Самұрық-Энерго» мекемесіне тиесілі шағын нысандар саудаға алдағы мамыр айында шығарыла бастайды.

Қайрат Мақсұтов, «Самұрық – Энерго» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

Екінші тізімдегі ұсақ нысандар бойынша бірыңғай тәртіп орнатылған. Алғашқы саудада ағылшындық әдіс бойынша бірден электрондық сауда ұйымдастырылады. Ал екінші сауда голландиялық әдіс бойынша өтеді. 50 пайыздық жеңілдік жасалады. Яғни біздің акционерлер электронды сауда барысында осындай жеңілдіктер жасалуы мүмкін екенінен хабардар болады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ