Павлодарда оқушы қыз қатарласын аяусыз соққыға жыққан. Оны өзге достары видеоға түсірген. Бейнежазбадан қыз баланың қатарласын шашынан жұлып, басынан ұрып, одан қалды тізесімен беттен теуіп жатқаны анық көрінеді. Істің мән-жайын тексерген полиция оқиғаға қатысушылардың барлығы 7-сыныпта оқитынын анықтады.
ЖАННА БІЛӘЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Заңды өкіл бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерді тиісінше орындалмағаны үшін жауапқа тартылды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға кәмелетке толмағандарды Серебрянск девиантты мінез құлқы бар балаларға арналған арнайы мектеп интернатқа жіберу туралы мәселе шығарылды.