$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Қосшыда балалар мінген автобус жол апатына ұшырады

09.04.2025ж. 20:00
164
Қосшыда балалар мінген автобус жол апатына ұшырады

Қосшы қаласында балалар мінген автобус аялдамаға соғылды. 5 бала  жарақаттанды.  Олар ауруханаға жеткізілген. Қазір жағдайы қалай, тілшіміз Айдана Қайрат біліп келді.

АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Жол апаты дәл осы аялдамады болды. Қақтығыс салдарынан тайота микроавтобусы аялдамаға соғылған. Оның ішінде балалар болған. Көріп тұрғандарыңыздай аялдаманың шынысы сынып, жол белгісі бар тақтайша құлаған.


Куәгерлердің айтуынша, оқиға таңғы жетілер шамасында болған. Тұрғындар қатты дауыстан шошып кеткенін айтады. Артынша  балалардың жылаған дауысы естілген. Оларға алғашқы көмек көрсеткендердің бірі медбике -Жанна Ембердиева.  

ЖАННА ЕМБЕРДИЕВА, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бір баланы көрдік үшінші ма, төртінші ма болып шықты уже беті кесіліп кеткен, кішкене көгеріп қалған. Қорықаннан жылай алмай да тұр. Прям соғылғанда шашылып кетті ғой. Терезесінің бәрі, ішінде орындықтары алдыға жылжып кеткен.


АЛМА ОСПАНОВА, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Балалардың жылағаны қатты естілді, біразға дейін жылады. Тас тигендей қатты дыбыс шықты ғой. Мен өзім түсімнен ояндым ба қатты шошып кеттім басынды.


Бес бүлдіршін  бас жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Біреуінің бұғанасы, тағы бір баланың жамбас сүйегі сынған. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

МЕДЕТ НҰҒМАНОВ, №2 КӨПБЕЙІНДІ ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгін ота жасалады жамбас сүйегіне. Жағдайы тұрақты, ауыр. Бес бала түсті. Жастары 3 пен 6 жас аралығында. Бір баланың бұғанағы сынған.


Қазір полиция апаттың мән-жайын анықтап жатыр.

АЛМАГҮЛ ТҰРСЫМБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Қазіргі уақытта апаттың мән-жайын анықтау және кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту үшін барлық қажетті ісшаралар жүргізілуде.


Көлік жекебалабақшаға тиесілі. Қосшы қаласының білім бөлімі мен балабақша басшылары ата-аналармен байланыста екенін хабарлады, балаларға толыққанды көмек көрсетілуде. Қазіргі уақытты полиция қызметкерлерімен тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.