$515.03 €584.82 ₽6.24
×

Жамбыл облысында 40 млрд теңгеге логистикалық кешен салынып жатыр

AstanaTV
17.04.2025ж. 20:00
268
Жамбыл облысында 40 млрд теңгеге логистикалық кешен салынып жатыр

Жамбыл облысында 40 млрд теңгеге логистикалық кешен салынып жатыр. Ірі жоба Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымын 3 миллиард долларға дейін арттыруға бағытталған. Өңірге жұмыс сапарымен барған премьер-министр Олжас Бектенов Қордай ауданындағы индустриялық сауда-логистикалық кешеннің құрылысымен танысты. Кешенге 40 миллиард теңгеге жуық инвестиция тарту жоспарланып отыр. Мұнда сүт, ет, көкөніс, тоқыма және фармацевтика өнімдерін халықаралық нарыққа шығару көзделген. Үкімет басшысы   "KORCEM" цемент зауытына да барды. Зауыттың қуаты- жылына 1,3 миллион тонна. Өнімдер ішкі нарықпен қатар көрші елдерге экспортталады.

ТИМУР КУЗУБАЕВ, "KORCEM" ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ:

"Korcem" ЖШС – цемент өндірумен айналысатын Қазақстан-Сингапур бірлескен кәсіпорны. Зауыттың жылдық өндірістік қуаты – 1,5 миллион тонна цемент. Бүгінгі күнге дейін 50 миллиард теңге көлемінде инвестиция игерілді. Қазіргі таңда кәсіпорында 260 адам жұмыспен қамтылған. Биылғы жылдың бірінші және екінші тоқсанында бұл көрсеткіш одан әрі ұлғайып, жыл соңына дейін тағы 280 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.