$515.03 €584.82 ₽6.24
×

"Ақылы жолдың ақшасы шұрық-тесікті жамауға жұмсалмайды", - тұрғын

18.04.2025ж. 20:00
372
"Ақылы жолдың ақшасы шұрық-тесікті жамауға жұмсалмайды", - тұрғын

"Қазақстан жол сапасы жағынан үздік 50 елдің қатарына кіреді". Бұл көлік министрлігінің статистикасы. Ал сіз бұған сенесіз бе? Қаладағы асфальтті айтпағанда күре жолдың өзінің күйі кетіп тұр. Оған ақы алып, жүргізушілердің жүйкесін жұқартуда. Сапалы жол қашан салынады? Сүндет Оралбек айтады.

СҮНДЕТ ОРАЛБЕК, ТІЛШІ:

Биыл елімізде 13 мың шақырым жол жөнделмек. Ал Елорданың өзінде 60-тан астам көше  реконструкциядан өтеді.
-Абайласаңызшы, аға!
- Жол сапасы нашар ғой...
Былтыр ғана жөнделген жолдардың біразы  қазір осылай шұрық-тесікке айналған.  


Көктемде қармен бірге асфальтта еріп кетеді деп, әзіл-шыны аралас әңгімені бұқара бекер айтпып жүрген жоқ. Өйткені бұл мәселе біраз тұрғынның сорына айналды. Тақтайдай теп-тегіс жол кемде кем.

БЛИЦ:


ҚАРАҒАНДЫ

- Жезқазғанның жолы өте нашар.  Бірнеше жыл болды ғой оны айтып- айтып жауыр болған шығар. Оны Жезқазған, Қарағанды халқы бәрі біледі.
- Қаланың ішкі жолдары шұрық- тесік. Бір қарағанда жөндеп жатқан сияқты болады, енді бір қарасаңыз жөнделген жолдар күзге қарай қайтадан бір проблемалар шығып жатады. Мәселе сол сапада шығар, жолдың сапалы салынбауы.


 АТЫРАУ

- Жыл жарымдай болды машина алғаныма. Жөндеуден шығып жатырмын қайта-қайта, жүріс бөлігі. Жол деген ойық-ойық.  
- Шұңқыр-тесіктер көп қой.  Машинаның жүріс бөлігін бүлдіреді.  Салық төлеп отырмыз. Бірақ шұңқыр-тесіктер көп.  


Күре жолдың күйі де көңіл көншітпейді. Ақылы жолдан түсетін ақша сол асфальтты күтіп ұстауға жұмсалуы керек. Бірақ, бұқара ақылы жолдардан қыруар қаржы түссе де, жайы жыларман күйде екеніне қынжылады.

Бір жылға абономент алу керек.Мүмкін мен он екі айда көп жүрмейтін шығармын. 250 мың теңге. Үш көлігім бар.Сонда 750 мың теңге төлеуім керек.Егер абономент алмасам екі есеге қымбат шығайын деп тұр. Сапасы төлеген ақшаңа татыса игі.

Қызылордалық Асқар Айбазаров жеңіл көлігімен  күре жолда жиі жүреді. Кейде түнде түлік шығып, келеңсіздіктер орын алатынын айтады.  

АСҚАР АЙБАЗАРОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Арал өңіріне қарай жүретін болсақ, сапасы өте төмен. Біз жеңіл көлікпен жүрген кезде жүк көлігінің жолы ойылып-ойылып қалған. Ойып тастаған ана жолдарды. Сосын гармошка болып кеткен жердің барлығы. Енді ол жолды сол жолменен ақылы қылатын болса онда ол өте қиын.


Дегенмен, көлік министрлігі жол сапасы жағынан үздік 50 елдің қатарына кіреміз деп айды аспаннан шығарды. Сапасы көңілден шығатындарын саусақпен санап шықты.

АНАР ҒАБДУЛЛИНА, ҚР КМ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздің елде сапасы жақсы жолдар көп деп ойлаймын. Министрлік өкілі ретінде сеніммен айта аламын. Мысалы, Астана - Щучинск тас жолы. Еліміздегі бірінші 6 жолақты күре жол. Бұқтырма көпірі, "Бакад" пен Шақпақ ата ауылындағы туннельді атап айтуға болады.  


Былтар 12 мың шақырым жол жөнделді. Бірақ барлығы бірдей теп-тегіс емес. Сапасыз асфальт төсеген мердігерлер 2 млрд теңгеге жолды қайта жөндеген.

НҰРТІЛЕК ХАСЕНОВ, ҚР КМ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ КОМИТЕТІ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖҰМЫС САПАСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бірнеше қадағалау инженерлерін біз жауапкершілікке тарттық. Олардың аттестациядан айыру бойынша осындай шаралар қабылданып, енді қатаң бақылау күшейтіліп жатыр.  


Бұл анықталған заң бұзушылықтар. Анықталмай, бармақ басты, көз қыстымен бекітіліп кеткені қаншама.