Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Баламалы қуат көздерінің тарифтерін индекстеу оның өндірісін арттырмайды

AstanaTV
24.03.2016ж. 20:00
1330
Баламалы қуат көздерінің тарифтерін индекстеу оның өндірісін арттырмайды

Баламалы қуат көздерінің тарифтерін индекстеу оның өндірісін арттырмайды. Энергетика министрі Владимир Школьник осылай деді. Жоғарғы палата бүгін «жасыл экономикаға» көшу және экологиялық мәселелер бойынша заң жобасын қабылдады. Бірақ электр энергиясы тарифтерін индекстеу сұрағы талқыланбады.

Министрдің айтуынша, Үкімет теңгенің валютаға қатысты бағамына сай, қуат көздерінің тарифтеріне түзетулер енгізе алады. Егер теңге бағамы төмендеп, баламалы қуат көздерінің тарифін көтеру керек болса да, көрсеткіш 1 теңгеден аспайды. Бұған дейін тау-кен және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығы баспасөз релизін таратып, баламалы қуат көздерінің тарифтеріне түзетулер енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеген еді. Олар валюталық индексация жүргізілсе, баламалы қуат көздерінен алынған электр қуаты құны киловат сағатына 100 теңгеге дейін қымбаттайды деген алаңдаушылық білдірді. Алайда министр Школьник оған негіз жоқ деді. 

Владимир Школьник, ҚР Энергетика министрі:

Заң жобасына енгізілген түзетулер баламалы қуат көздерінің ауқымын көбейтпейді. Тарифке қатысты да шектеулер бар. Сондықтан қауымдастықтың алаңдауы бекер. Қазір бүкіл әлем баламалы қуат көздеріне көшіп жатыр. Біз де одан тыс қала алмаймыз. Теңге бағамы төмендесе де, тарифті көтеруге тура келсе де, ол бір теңгеден де аз болады. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ