Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Helios» компаниясы Алматыдағы жанармай бекетінде болған төтенше жағдайды баяндап берді

AstanaTV
09.11.2017ж. 20:00
3043
«Helios» компаниясы Алматыдағы жанармай бекетінде болған төтенше жағдайды баяндап берді

Алматыда рельстен шығып кеткен вагондар жанармай стансасы аумағынан алынды. Ал май құю бекеті уақытша істен шыққан. Мұндағы мамандар вагондар 15 минут бұрын аударылғанда жарылыс болуы мүмкін екенін айтады. Өйткені резервуар жанында жанармай тасымалдайтын транспорт болған. Төтенше жағдай болған маңдағы тұрғындар электр сымдары жалғанған соң үйлеріне оралған.

Сергей Корпачев, "HELIOS" ЖШС Алматыдағы филиалы бойынша техникалық бөлімінің басшысы:

Жоспарлы уақыт бойынша резервуарға көліктен жанармай құйдық. Араға 15 минут салып қос вагон ғайыптан аударылып отыр. Әрине, дәл бензовоз тұрған шақта төтенше жағдай болса, салдары тым ауыр болар еді. Біз ол маңда темір жол жолы бар екендігін білмедік те. Тіпті жүк тасымалдау бағыты болған күннің өзінде, қауіпсіздік тосқауылдары болуы тиіс емес пе?

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы вагондардың «Жолашар-ЖД Сервис» серіктестігіне тиесілі екендігін айтып, ондағы жұмысшылар маневрлық іс-әрекеттен жыңылысқан деген түсініктеме берді. Ал жүк вагондарына иелік ететін мекеме болса, қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.

Олжас НҰРЖАҚЫП